Ерлан Әлібеков: Марқұм Бекмұхаметова 20 секунд күтсе, аман қалар еді

02.08.2023, 16:24
1158
Ерлан Әлібеков: Марқұм Бекмұхаметова 20 секунд күтсе, аман қалар еді nur.kz

Ведомство өкілдері өрт шыққан тұрғын үйдің терезесінен секіріп, қаза болған әйелдің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт кезінде қаза тапқан Әсел Бекмұхаметова терезеден секірмей, шамамен 20 секунд күткен жағдайда мүмкін аман қалар еді деп пікір білдірді.

«Оның терезеден секіргені белгілі болды. Алайда, біздің бөлімшелер ол кезде 5-ші қабатқа жеткен болатын. Егер ол шамамен 20 секунд күткенде біздің өрт сөндірушілер есікті өздері ашып, оны аман алып қалар еді. Өрт сөндірушілер үйге кірген сәтте оның анасын көріп, оны эвакуациялады, сөйтіп құтқарып қалды. Ал Әсел ол кезде секіріп кеткен еді», - дейді Ерлан Әлібеков.

Еске сала кетсек, Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанған болатын. Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілген. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілді.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел болған.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қазақ болғанын хабарлады. Әсел Бекмұхаметованың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді. Алматы облысының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, марқұмның денесін тасымалдауға жәрдем береді.

Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді