1154

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров тағы да чемпион атанды

Отандасымыз Александр Винокуров тағы бір мәрте елімізге жеңіс әкелді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров тағы да чемпион атанды
espanol.eurosport.com

Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, әйгілі қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ жас категориясы бойынша жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы мәлімдемені Astana Qazaqstan Team құрамасының Twitter парақшасы жариялады.

Отандасымыз чемпион атанса, күміс жүлдені испандық Рауль Патино, ал қола жүлде Адриан Яшқа бұйырды.