Қаңтар оқиғасына қатысқан ақтөбелік мемлекеттен ақы өндіріп алды

05.08.2023, 14:34
959
Қаңтар оқиғасына қатысқан ақтөбелік мемлекеттен ақы өндіріп алды diapazon.kz

Ақтөбелік наразылықтың ұйымдастырушысы еместігін дәлелдеу мақсатымен сот үкімі анықталғанша жылдан астам уақытын қамауда өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, 2022 жылы қаңтар айында облыс әкімдігінің алдына жиналған жүздеген ақтөбелік бейбіт шеруге шыққан. Алайда мұның соңы тәртіпсіздікке ұласып, көпшіліктің әкім ғимаратына баса-көктеп кіруімен аяқталды.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қаңтар айында Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін 18 адам сотталды. 1 ақпанда мамандырылған сотта резонанстық іс бойынша үкім шығарылды. Ал ең ұзақ мерзім алған Нұрсұлтан Исаев екі адамды көлікпен қағып кеткені үшін 15 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.

Сегіз адам шартты түрде жазасын алды, сонымен қатар сот тағы бірнеше айыпталушыны бас бостандығынан айыруға үкім шығарғанымен олардың нәтиже шыққанға дейін ұзақ уақыт қамауда отырғанын ескеріп жазаны толығымен өтеді деп саналды. Ал қылмыстың екі қатушысын, Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровты сот толығымен ақтады. Бір қызығы, Әжниязовқа әуелі тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айып тағылса, кейінен сот процесі кезінде оны тек қатысушы деп айыптады.

Ақтөбе қаласындағы сот үкімінен кейін Ернұр Әжниязов заңсыз қылмыстық қудалау әсерінен болған моральдық залал үшін үкіметтен 30 миллион теңге талап етіп арыз тастады. Іс Ақтөбе қалалық сотында қаралды. Сот ұсталғанға дейін Әжниязовқа жоғары білімі бар, автокөлік жөндеумен айналысатын, төрт бала тәрбиелеп отырған адал адам деп баға берді. Ол қамауға алынғаннан кейін отбасысы қарт ата-анасының зейнетақысына күн көруге мәжбүр болған. Сонымен қатар тергеу изоляторында жатқан Әжниязовтың денсаулығы нашарлаған. Сот Әжниязовты 1 жыл 24 күн бойына заңсыз қамауда ұстауда деп есептеді.

Нәтижесінде сот Әмірбеков талапкердің арызын ішінара қағанаттандырды. Ол қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджеттен Ернұр Әжниязовқа моральдық залал үшін 5 миллион теңге және қылмыстық іс бойынша адвокатқа және азаматтық іс бойынша заңгердің қызметіне төлеген 1 миллион теңгені төлеуге міндеттеді. Бұл алты миллион салық төлеушілердің қаражатынан төленді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды