"Басқа жолды таңдадым": Рүстем Жүгінісов толықтай дінге бет бұрғанын айтты
Ағайынды Жүгінісовтердің тұңғышы Рүстем Жүгінісов өнер жолынан біржола кеткенін айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Рүстем өнерден түбегейлі кетіп, дін жолына түскен.
Жанкүйерлердің бірінің: “Мираспен “feat” жазатын ойыңыз бар ма?” деген сұрағына Рүстем Жүгінісов: “Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болып еді. Сіздер менің ән айтуды қойғаныма екі жыл болғанын білесіздер ме? Мына түріммен Мираспен қалай ән жазамын? Мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін. Сондықтан Мираспен ән жазбайтынымды біліп жүріңіздер. Мұндай сұрақ қоймауларыңызды сұраймын”, – деп жауап қатты экс-әнші Instagram-дағы Stories-те.
Сақал қойған Рүстемді желі қолданушыларының біразы “Не болып кеткенсің?”, “Адасқан жан”, “Түрің бар болсын”, “Сақалыңды алып тасташы”, “Сақалың беліңе түсіп тұр”, – деп сынады.