Атырау-Астрахань пойызындағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылады

07.08.2023, 12:37
479
Атырау-Астрахань пойызындағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылады smartnews.kz

«Атырау-Астрахань» пойызымен лагерьге бара жатқан баланың қайтыс болуына байланысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 77 адамнан тұратын топ, оның ішінде 4 тәлімгер, 73 бала «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Балалар Ресей Федерациясы Железноводск қаласының маңындағы «Қазақстан геологі» санаторийіне бара жатқан.

«Балалардың бірі пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат соң өзін нашар сезінген. Пойыз жолсеріктері жедел жәрдем шақырған. Исатай ауданындағы «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздер алған тамақты ішкенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық білім беру басқармасы қайтыс болған баланың отбасына қажетті көмекті көрсетуді жоспарлап отыр.

Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді