Шымкентте жоғалып кеткен жас қыздың денесі жертөледен табылып, жездесі қамалды

08.08.2023, 14:27
2229
Шымкентте жоғалып кеткен жас қыздың денесі жертөледен табылып, жездесі қамалды smartnews.kz

Шымкентте 4 тамызда үйден шығып, сол күйі оралмаған бойжеткеннің денесі жертөледен табылып, оның жездесі күдікті ретінде қамалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 5 тамыз күні жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Белгілі болғанындай, Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.

8 тамыз түнгі сағат 1:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады