840

Түркия портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті

Түркияның Дериндже портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12 адамға жетті. Жарылыс кемелерге астық тиейтін аймақта болған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты euronews.com-ға сілтеме жасап.

Түркия портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті
Anadolu Agency

Күшті жарылыс кеше Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған.

Жарылыс элеваторлардан кемелерге астық тиейтін аймақта болған. Элеваторлар Түркия астық кеңесіне тиесілі.

«Нақты деректер бойынша, жарылыс салдарынан 12 адам жараланды, екеуінің жағдайы ауыр. Жарылыс 16 элеватордың 13-ін бүлдірген», - деп хабарлады Коджаели қаласының мэрі Тахир Бююкакын.

Жарылыс себептері тексеріліп жатыр. Порттың контейнерлік инфрақұрылымы зақымдалған жоқ.