904

Оралда ер адам ұзындығы ағашпен бірдей есірткі өсірген

Өз үйінде қарасора баптап өсірген ер адам ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Оралда ер адам ұзындығы ағашпен бірдей есірткі өсірген
polisia.kz

4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора“ жедел профилактикалық операциясын жүргізді. Осылайша полицейлер қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылғы тұрғын үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті қарасораны тапты. Бақшадан есірткіні өсіріп-баптаған іздері табылып, түгел тәркіленді.  

 - Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды. Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен биік өскен, - дейді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.