Шымкенттік "Карлсон": шатырдан кіріп дүкен тонаған ұры ұсталды

09.08.2023, 14:09
943
Шымкенттік "Карлсон": шатырдан кіріп дүкен тонаған ұры ұсталды polisia.kz

Дүкендерге төбеден кіріп ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қайнар бұлақ саяжайының аумағында орналасқан дүкен иелері Абай аудандық полиция бөліміне бірдей мазмұнды үш арыз түсірген.

Арызданған сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған. Барлық жағдайда күдікті ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген. Ұры екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырды. Ал үшінші кәсіпкерден смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін қолды еткен. Оған келтірілген шығын 1 млн теңгеден асты.

Аталған жайттарды ашуда бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты.

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оның тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Ол алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған, - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Алинура Ералықызы.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс-құжаттар барлық жиналған дәлелдемелермен сотқа жолданады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді