2505

Танымал психолог үйленбей тұрып, жыныстық қатынасқа түсуге кеңес берді

Podcast Time бағдарламасында қонақта болған танымал психолог Кербез Егінбаева жастарға кеңес берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Танымал психолог үйленбей тұрып, жыныстық қатынасқа түсуге кеңес берді
Жеке Facebook парақшасынан

Отбасы құру мәселесіне қатысты пікірін білдірген танымал блогер, әрі психолог Кербез Егінбаева жұртқа жақпайтын пікірімен желіде шу көтерді. Podcast Time бағдарламасында психолог қыздарға мынадай кеңес берді:

 - Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді, - деп кеңес берді психолог.

Сондай-ақ Егінбаева қыздардың пәк боп тұрмысқа шығуын бұрынғы заманда қалған үрдіс деп қабылдайтынын жеткізді.

 - Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте қолжетімді нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жыныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда 9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес,- дейді маман.