Сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салынбақ

10.08.2023, 09:40
737
Сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салынбақ smartnews.kz

Энергетика министрлігі сұйытылған газды бұйрық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзімге автомобильмен және темір жол көлігімен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Энергетика министрлігі бұйрық жобасы ашық НҚА порталында талқылау үшін жарияланғанын мәлім етті.

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілген, соның нәтижесінде халық және көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындары осы отын түріне тез ауысып жатқанын байқауға болады.

Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. Сонымен қатар 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тонна болды.

Ішкі нарықтың қажеттілігі 130-140 мың тонна (әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес) болған кезде Энергетика министрлігі маусымға байланысты айына жеткізу жоспары шеңберінде 120-130 000 тонна немесе сұраныстың 90% үлестіреді. Өндіруші зауыттардың жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезеңінде ішкі нарықтың сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігінің өтелмеуі 15-25% болған.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған газдың әлеуметтік маңызын назарға ала отырып, оның экспортына тыйым салуды енгізу жоспарланып жатыр.

Бұған дейін Энергетика министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы №347 бұйрығымен сұйытылған газды автомобиль көлігімен үш жыл мерзімге экспортқа шығаруға тыйым салынған болатын.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды