Шымкентте гүл шоғын ұрлап, сатушыны итерген ер адамның экс-полицей екені анықталды

11.08.2023, 09:56
2751
Шымкентте гүл шоғын ұрлап, сатушыны итерген ер адамның экс-полицей екені анықталды stan.kz

Шымкентте гүл сататын дүкенде болған жағдай қоғамда қызу талқыға түскен. Көп ұзамай видеодағы ер адамдардың бірі бұрын полицияда қызмет еткені анықталды.

Әлеуметтік желіде дүкен иесі бейнежазба жариялап, гүл шоғын алып кеткен адамның кім екенін айтты. 

"Мен қатты қорқып тұрмын. Маған 8 мамырда бізді тонап кеткен ер адам жайлы мәліметтерді жіберді. Бұл прокурордың ұлы емес, учаскелік полицей екен", – дейді ол. 

Видеоға қатысты ішкі істер министрлігі де пікір білдіріп, екінші видеодағы ер адамның 1989 жылы туған Б. есімді азамат екенін мәлімдеді. 8 мамырда ол сатушыға тап бері, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. 

"Тұран аудандық полиция бөліміне жанжал туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына учаскелік полицей келді. Бірақ дүкен иесі ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар ведомство өкілдері Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі "Күш қолданып тонау" бабымен іс қозғалғанын жеткізді. 

"Тексеріс кезінде қара футболкадағы адамның Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері екені анықталды. Ол 19 мамырда отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен жұмыстан шығып кеткен", – деді министрліктің баспасөз қызметі. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді