Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қос қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

11.08.2023, 10:31
1283
Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қос қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты meirman_shekeyev_halyq_zangeri

Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ақпаратты адвокат Мейірман Шекеев жеткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. 

Заңгердің айтуынша, сот қазақстандықтарға 3 миллион вон айыппұл салған, бұл 1 миллион теңгеден сәл асады. Әлеуметтік желіде Мейірман Шекеев айыппұл 7 күн ішінде төленуі керек екенін, содан кейін олар қамаудан босатылып, Отанына орала алатынын атап өтті.

Айта кетсек, 2002 және 2005 жылы туған екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға 2023 жылы 25 наурызда Өзбекстаннан ұшып барған. Құжаттарындағы қателікке байланысты оларды елге кіргізбей, Инчхон халықаралық әуежайының депортация залына жіберген. 

Қайтар рейсті күткен олар ұшу-қону жолағына жақын орналасқан 3,5 метрлік қоршаудан секіріп өтіп, қашып кеткен. 

Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындап, отбасыларын асырау мақсатында жұмыс істеу үшін ұшып келгендерін айтты. Олар шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыпталады. Ұсталғандар - Түркістан облысының тумалары.

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)