1141

Оралда заңсыз жүрген үндістандықтар ұсталды

БҚО-да Үндістанның азаматтары ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Оралда заңсыз жүрген үндістандықтар ұсталды
polisia.kz

9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстаған.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болған. 

8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды. 

Ұсталған азаматтардың Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды.