665

Шу ауданында ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тапты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шу ауданында ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіленді
zhambyl_police

"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.

50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленген.

ІІМ дерегінше, жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.