Қытай ғалымдары адам жүрегінен микропластик тапты

14.08.2023, 16:53
628
Қытай ғалымдары адам жүрегінен микропластик тапты smartnews.kz

Адам жүрегінің тіндерінен әдетте тағам қаптамалары мен бояуларда кездесетін микропластиктер табылды. Жүрек-қан тамырларына ота жасалған 15 науқастың жүрек тінін тексерген Бейжіңдегі Аньчжэнь ауруханасының ғалымдар тобы алаңдатарлық тұжырым жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты New York Post-қа сілтеме жасап.

Микропластик - 5 миллиметрге жетпейтін немесе қарындашқа арналған өшіргіштің өлшеміне жуық пластик бөлшегі. Ол адам ағзасына ауыз, мұрын және басқа дене қуыстары арқылы ене алады.

Дәрігерлер Кун Хуа мен Сюбин Ян және олардың командасы бұл бөлшектердің адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіне жанама және тікелей әсер ету арқылы қалай енетінін білгісі келген.

Дәрігерлер пациенттердің жүрек тіндерін, сондай-ақ жартысынан қан үлгілерін жинап, талдады.

Олар тін үлгілерінің көпшілігінен оннан мыңға дейінгі микропластикалық бөлшектерді тапты. Барлық қан үлгілерінен микропластикалық бөлшектер анықталған.

Пластиктің тоғыз түрі жүрек тінінің бес түрінен анықталды. Зерттеу сонымен қатар кейбір микропластикалық бөлшектердің хирургиялық араласу кезінде дене қуысына енгенін дәлелдеді.

Жүректің үш түрлі бөлігінде кездесетін микропластиктерге полиметилметакрилат кірді. Бұл әдетте шынының орнына соққыға төзімді балама ретінде қолданылатын пластик.

Сондай-ақ киім-кешек пен азық-түлік ыдыстарына қолданылатын полиэтилентерефталат пен терезе жақтауларын, су төгетін құбырларды, бояуларды және т.б. жасауда кеңінен қолданылатын поливинилхлорид (ПВХ) табылды.

«Тірі организмнен микропластик табылуы алаңдатарлық жағдай. Оның жүрек тініне қалай енетінін, сондай-ақ оның ұзақ мерзімді перспективада жүрекке операциядан кейінгі ықтимал әсерін зерттеу үшін қосымша зерттеулер қажет», - деп қорытындылады зерттеу тобы.

Өткен жылғы зерттеу нәтижесінде адам апта сайын шамамен 5 грамм ұсақ пластикалық бөлшектерді тұтынатыны дәлелденген. Ал бұл несие картасының салмағына тең.

Вена медициналық университетінің ғалымдары пластикалық бөлшектер адамның тамақтану тізбегіне орау қалдықтарынан еніп, денеге теңіз тұзы, теңіз өнімдері, тіпті ауыз су арқылы енетінін анықтаған.

Микропластиктен туындаған асқазан-ішек жолындағы өзгерістер семіздік, қант диабеті және бауырдың созылмалы аурулары сияқты метаболикалық аурулармен байланысты.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?