730

Махачкаладағы жарылыс: Мемлекет басшысы Путинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Махачкаладағы жарылыс: Мемлекет басшысы Путинге көңіл айтты
Ресей ТЖМ

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстан астанасы Махачкала қаласында жанар-жағар май құю станциясында жарылыс болып, үлкен өрт болды.

Осы уақытта қаза тапқандар саны 27 адамға жеткені хабарланып отыр.