792

Алматыда Q-net қаржы пирамидасын басқарған айыпталушыларға қатысты тергеу аяқталды

ҚМА Алматыдағы департаменті  «Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарғанға қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыда Q-net қаржы пирамидасын басқарған айыпталушыларға қатысты тергеу аяқталды
kapital.kz

 «Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарғандарға қатысты тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы анықталған. Олар 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарған. 

Олар сол уақыт аралығында пирамиданың қызметіне 45 салымшы тартып, оларға 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. 

Қазіргі таңда аталған 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданған. 

Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды. 

- Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз, - дейді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі.