Жыл басынан бері 210 адам Қазақстан-Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болған
Биыл Қазақстан-Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болғандардың саны көбейген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Аталған мәселе туралы брифиңде ҚР ҰҚК Шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы кездері Қазақстанға транзиттік жолаушы ретінде келіп, ары қарай Ресейге заңсыз кіруге әрекеттенетін шетелдіктер көбейген.
«Мұндай фактілер облыстардың барлығында дерлік қайталанды. Әсіресе Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жиі болып тұрады. Ұсталған 210 азамат Ресей арқылы Еуропа елдеріне өтпек болған. Қазір олар өз елдеріне депортацияланды», - деді Ахметқалиев.