670

Жамбыл облысында сарбаздың өліміне қатысты 5 офицер қызметінен босатылды

Жауынгердің өлімінен кейін Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара заставасында 5 әскери қызметші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жамбыл облысында сарбаздың өліміне қатысты 5 офицер қызметінен босатылды
ашық дереккөзден

Жауынгердің өлімінен кейінгі жағдайды ҰҚК-ның кадрлық жұмыс департаменті өкілі Ерік Беріков мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, бізде мұндай фактілер болды. Бұған дейін біз әскери қызметкеріміздің өліміне қатысты мәселені талқылағанбыз. Әрбір факті бойынша жан-жақты қызметтік тексеру жүргізілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Соңғы жағдайда 5 шенеунік қызметінен босатылды, біреуінің лауазымы төмендетілді», - деді Беріков брифиңде.

Атырау облысының тумасы Бекбол Мираш өткен жылы 19 тамызда әскерде жүріп қаза тапқан еді. Марқұмның туыстары оның суицид жасағанына сенбеді. Биологиялық сараптама жауынгердің жыныстық қудалауға ұшырағанын көрсеткен. 2023 жылы ақпанда Бас әскери прокуратура іс бойынша күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.