Қазақстандық студенттер жарыс автомобилін құрастырды

17.08.2023, 09:18
598
Қазақстандық студенттер жарыс автомобилін құрастырды inform.kz

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ел болып «Формула студент» халықаралық жарысында топ жарды. Студенттер жарысқа арналған автокөлік құрастырып, оқуға грант жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Формула студент» халықаралық білім беру жобасын SAE (Automotive Engineers Society, автомобиль инженерлері қауымдастығы) 1998 жылы бастаған. Бұл – инженерлік және автоспорт салалары бойынша өткізілетін студенттік жоба. Студенттер жарысқа қатысу үшін өздерінің көліктерін құрастырады.

«Біз – Орталық Азия бойынша «Формула студент» жарысына қатысқан алғашқы командамыз. Осы уақытқа дейін 2014 жылдан бастап Қазақстан бұл жарысқа қатысуға тырысты, бірақ алғашқы болып Сулейман Демирель университетінің командасы топ жарды. Жарыс көлігін құрастыруға және өндірісіне 4 ай уақыт кетті, өйткені елімізде «Формула студент» жарысы бойынша қандай да бір байланыс, база болмағандықтан, кейбір бағыттар бойынша өзіміз алғашқы болуымыз керек болды. Бірақ Тольяттидегі оқудан келгенде желтоқсан айынан бастап қалыптасқан білім базасын ашып, оны келесі қатысатын студенттерге үйретуді жоспарлап отырмыз», – деді команда капитаны Елнұр Өтебай.

Оның айтуынша, жарыс алдында әр жүргізуші медициналық тексеруден және нұсқаулықтан өтеді. Жүргізушілер көліктің деңгейіне қарамастан соңғы техникамен жабдықталған, олардың камуфляжы жанбайды және жарақаттан құтқарады, өйткені олар FIA-мен реттеледі. Болид жыл сайын жаңартылатын жобаның техникалық регламентіне сәйкес жасалуы керек. Жеңіске жету үшін команда қатысушылары тек конструкторлық және технологиялық міндеттерді ғана емес, сонымен қатар кадрлық, қаржылық мәселелерді де шешуі керек.

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері «Формула студент» мектебінде оқуға бес грант ұтып алды. Қазақстандық командада жарыс көлігін өзге командалардағыдай 60 емес, жеті адам құрастырған.

«Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда осы саланы дамыту. Елімізде алғашқы болып Siemens NX инженерлік бағдарламасында екінші болидті әзірлеуді бастаймыз. Бұл бағдарламада әлем бойынша инженерлік саланың көшбасшылары ұшақтар, машиналар мен қозғалтқыштар жасайды. Қазіргі таңда аталған компания өкілдерімен келіссөздер жүргіздік, енді бұл шешімді университетке жеткізгіміз келеді. Жоспарларымызбен бөлісер болсақ, жақында инженерлік 3D модельдеу бағыты бойынша SDU университетінде кем дегенде бір трек ашуды жоспарлап отырмыз. 10 күннен кейін мүлдем басқа жоғары деңгейдегі екінші болидті әзірлеу басталады, бұл үшін бізге 17 млн теңге қажет», – деп атап өтті команда капитаны Елнұр Өтебай.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды