«52 жастағы әйелдің сегіз қабырғасы сынды»: Қатты желден Ақтаудағы аялдама адамдардың үстіне құлады (ВИДЕО)

06.11.2024, 14:33
1059
«52 жастағы әйелдің сегіз қабырғасы сынды»: Қатты желден Ақтаудағы аялдама адамдардың үстіне құлады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Аялдаманы жасаған компания кінәсін мойындады. Ал әйел адам әлі де хирургия бөлімінде жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда дауыл кезінде аялдама құлап, салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Астана ТВ жаңалықтар қызметі жеткізді. 

Ақтаудағы дауылдың қатты болғаны сонша қаладағы темір аялдама екі адамның үстіне құлап кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйел мен ер адамның темір қоршаудың үстінде жатқанын көруге болады. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келіп, жарақат алғандарды дереу ауруханаға жеткізген. Темірдің астында қалған әйелдің бірнеше қабырғасы сынып, тағы бір ер адамның қолы сынған. 

3 адам жедел жәрдем бөлмесіне жеткізілді. Екеуі де қаладан. Үшінші зардап шегуші Құрық ауылындағы әскери бөлімінде. 

52 жастағы әйел адамның 8 қабырғасы сынған. Қабырға сынғаннан өкпе қуысында ауа жиналып қалған. Сол ауаны шығару мақсатында дренаж қойылады. Соған байланысты хирургияға жатады. Жағдайы орташа ауырлықта, - деді Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Адамдардың үстіне құлаған аялдаманың сапасыз құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалып та үлгерген. Құрылысқа жауапты «Алматы Құрылыс» компаниясына қарасты жергілікті филиалдың басшысы аялдама инженерлік желілерді жөндеуге байланысты сонау шілде айында бөлшектелгенін айтады.

Енді компания басшылығы зардап шеккен адамдарға барып, жағдайларын сұрамақ. Сондай-ақ, компания өкілі зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

Әрине, кінәміз бар, қазір барамыз, бәрін анықтаймыз. Жоқ, әрине, сол қауіпсіздікті алдын ала қамтамасыз етуіміз керек еді. Бірақ көрдіңіз бе, ол Достық үйінің аумағында тұрған, қоршалған аялдама еді. Сіз ол жерге адам барып тұрады деп ойламайсыз. Әйел сол жерге барып, дауылдан жасырынғысы келген. Ал аялдама бір орында тұрып, құлап қалды, – деді «Алматы Құрылыс» АҚ жұмыстар филиалының директоры Сәкен Бердібаев. 

Қазір Ақтау көшелерінде жүру аса қауіпті. Желден үйлер мен ғимараттардың шатыры ұшып жатыр. Ағаштар мен бағаналар құлап, көліктерге зақым келген. Тіпті дүлей дауылдың кесірінен электр стансалары істен шығып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалған. Бағдаршамның жұмыс істемеуі салдарынан көлік қозғалысы да қиындады. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды далаға шықпауға кеңес береді. 

Маңғыстау облысы тұрғындарына ғимараттардан шықпауға, яғни көліктерін талдардың астына қоймауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және осындай төтенше жағдайлар болған кезде 112 және 101 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұрайды. Бұл дауыл үш күнге дейін жалғасады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға шақырамын, - деді Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі Ерлан Сұлтанмұратов.

Ал өңірдің білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарақия ауданында оқушылар қашықтан оқуға жіберілгенін хабарлады. Ал Ақтау мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылған.

Синоптиктердің болжауынша, ертең де жел күшейеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды