Оралда мүгедек бала асыраушы аналардың пәтер алуға берген өтініштері жойылған

19.08.2023, 15:17
878
Оралда мүгедек бала асыраушы аналардың пәтер алуға берген өтініштері жойылған egov.press

БҚО-да «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып жатқан аналар мән-жайды түсіндіруді талап етті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Egov.press Telegram арнасында жария болған бейнежазбада плакат ұстаған бірнеше әйел пәтерге қатысты дау көтерді.

Олардың айтуынша, бір жыл бұрын ипотека алу бойынша конкурста арнайы бағдарламаға іліккенмен, биыл өтініштері жойылғаны жөнінде хабарлама келген. Мүгедек балалардың аналары өтініштің не үшін жойылғанын сұрағанмен, банк дұрыс ақпарат бермеген. Аналардың кейбірі тіпті 13 жылдан бері үкіметтен берілетін тегін үй кезегінен де үй ала алмай жүр.

— 2009 жылдан бері кезекте тұрмыз. Балаларымыз мүгедек, 2 топта. Енді үкіметтен берілетін үй берілмей жатыр. «Бақытты отбасы» деген конкурсқа қатысып, сол конкурстан 2022 жылы өттік. Енді бір жыл болды күткенімізге. Бізге кеше хабарлама келді, Отбасы банкінен. Өтініш жойылды деген. Ол неліктен жойылады? Бұл мүгедек балалардың сонда үйлері қашан беріледі? Бұл жойылады деген хабар бізге түсініксіз, - дейді аналардың бірі.

Банк бұл жағдайға аналарға мардымды жауап бермеген.

— Отбасы банктің менеджерлерінен сұрап жатырмыз. Бізге ешқандай толық жауап беріп жатқан жоқ. Дұрыс ақпарат таратып жатқан жоқ. Сонда бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамнан көмек қалай болады? Қашан беріледі бұл үйлер? Біз ата-аналары тегін емес, ақшасын төлейміз ғой, - деп талап қойды мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары.

Бұл жағдайға қатысты әзірге банк тарапынан ресми жауап жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды