Павлодарда өлім хатын жазған әйелді еріктілер жаппай іздеп жатыр

20.08.2023, 14:03
2641
Павлодарда өлім хатын жазған әйелді еріктілер жаппай іздеп жатыр

Өлім алдындағы хатты жазып, аманат қалдырған әйелге павлодарлық еріктілер іздеу салып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты Pavlodar VITA парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

19 тамыз күні кешкілік VITA іздеушілер жүйесіне әйел адам қоңырау шалып, көмек сұраған.

– Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл – өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды,  – дейді хабарласқан белгісіз әйел адам. 

Телефон соққан әйел адам Теміржолшылар ауылында тұратыны белгілі болды. Ол бұл хабарламаны кім жазып жіберуі мүмкін екенін мүлдем түсінбей отыр.

– Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, бәлкім ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін білмейміз.  Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқандай нәтиже жоқ, – дейді еріктілер. 

Еріктілер бұл жөнінде полицияға хабарлаған. Әзірге Павлодардағы VITA іздеу жүйесі хат авторын іздеп жатыр. Хаттың толық мәтінін осы жерден оқи аласыздар

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды