1184

Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды

Судьяның бұл ақшаны жазаны жеңілдету үшін алғаны анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты egemen.kz басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды
ашық дереккөзден

Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараздың №2 соты судьясының 2 млн теңге сомасында пара алғанын әшкерелеген.

Судья сотталушыдан іс жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру емес, басқа жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Антикор мәлімдемесінде.