522

Атырауда 19 жастағы жүргізуші баланы қағып кетті

Атырауда 13 жасар жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырауда 19 жастағы жүргізуші баланы қағып кетті
canva.com

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 21 тамызда жергілікті уақытпен сағат 22:40 шамасында болған.

«Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы мен Тоқатов көшесінің қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында болды. Арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған жасөспірімді Chevrolet Nexia автокөлігі қағып кетті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жүргізушіге қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Ал зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.