621

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Ақтөбе облысында Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
polisia.kz

Сайттағы деректерге қарағанда, оқиға 23 тамыз күні сағат 08:45 шамасында Самара-Шымкент автожолында, Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде болған.

Оқиғаның салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.