Шымкентте ер адам есірткі тұтынуды тоқтату керегін айтқан інісін пышақтап өлтірді

24.08.2023, 14:26
448
Шымкентте ер адам есірткі тұтынуды тоқтату керегін айтқан інісін пышақтап өлтірді canva.com

Шымкентте ер адам есірткіге қатысты туындаған жанжалдан кейін інісін пышақтап өлтірген. Бұл туралы smartnews.kz сайты Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Демалыс күндері Еңбекші аудандық полиция бөліміне кісі өлімі туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да барған.

“Мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан. Анықталғандай, жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан темір жол жақты іздеуге шыққан”, – делінген хабарламада.

Күдіктіні полиция иті тауыпты. Ол тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған.

“Қызметкерлер ер адамды қамауға алды. Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. Бүгінде аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады”. – деп қосты полиция өкілдері.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді