712

Ақтау тұрғыны есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтау тұрғыны есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды
canva.com

Өткен жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан ер адамды ұстады. Ол Тelegram арқылы белгісіз адамнан синтетиканың дайын партияларының координаттарын алып отырған.

Ұсталған адам уақытша тұрған пәтерде жүргізілген тінту кезінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Ер адамның айтуынша, ол Telegram мессенджері арқылы желі пайдаланушысымен байланысқан. Ұсталған күдікті жұмысын сол жерден тапқан. Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысы бойынша тәркіленген заттар синтетикалық есірткі альфа-PvP (жылдамдық) және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 940 граммды құрады.

Аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні Қылмыстық кодекстің 297-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.