Атырау облысында 80-нен астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

26.08.2023, 11:53
997
Атырау облысында 80-нен астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген aikyn.kz

Атырау өңірінде бірқатар мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Атырау қаласы мен облыс мектептерінде бұрын-соңды оқу орындарында жұмыс істемеген, бұл кәсіпке еш қатысы жоқ «өлі жандар» табылған. Қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әртүрлі қаржыландыру фактілері де анықталған.

Бір мұғалім бес мекемеде қатар жұмыс істеген, сонымен қатар кейбір білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдық жалақыларына қосымша үстемеақы аударған.

– Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 51, орта мектептерде 30 қызметкердің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды, – деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов Қоғамдық кеңес отырысында.

Аталмыш заң бұзушылықтарды жою үшін Антикор ЖАО деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бекіту процестерін автоматтандыруды, қызметкерлер контингенті бойынша деректерді автоматты сәйкестендіру үшін интеграцияны қамтамасыз етуді және мектепке және балабақшаға кіру және шығу кезінде мұғалімдерді бақылауды ұсынды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)