1150

Шымкентте 6 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам күдікке ілінді

Кәмелетке толмаған баланы зорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шымкентте 6 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам күдікке ілінді
ашық дереккөзден

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, 22 тамызда Тұран АПБ-на 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, 21 тамызда оның 6 жасар қызына бірге тұратын ер адамы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтып арызданған.

Полицейлер бұл деректі ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі « жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша СДТБТ-не тіркеп, оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні іздеуге кірісті.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы күдіктіні оның досының пәтерінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау » бойынша тіркелді.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.