523

Абай облысында Сабантой мерекесі өтті

Облыста бауырлас халықтың мәдени мұрасын көрсететін мереке тойланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Абай облысында Сабантой мерекесі өтті
gov.kz

Сабантой мерекесі жыл сайын өңірімізде тойланады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қала тұрғындары мен қонақтары Бейбітшілік аралында өтетін шараға қатысып, татар халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Жылда кең көлемде тойланатын ұлттық мереке түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірді. Семейлік қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі қойылып, Абай облысының өлкетанушылары ескі жәдігерлер топтамасын халыққа ұсынды.

Сондай-ақ, татар мұражайы «Татар халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама ұсынылып, республиканың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі байқауларға қатысып, татар халқының ұлттық ойындарын тамашалады.