Әлеуметтік желіде белгісіз еркек екі адамды ұрып кеткені жайлы видео тарады
Маңғыстауда екі адамды ұрып кеткен адамның видеосы тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарынша, оқиға 16 тамыз күні таңғы сағат 6.14 шамасында Ақтау қаласының караоке-барларының бірінің алдында болған. 102 кезекші пультіне ер адамдардың төбелесіп жатқаны туралы шақыру түскен.
- 30 жастағы ер адам екі адамды жарақаттаған. Зардап шеккендердің басынан соққы алғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - делінген МО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, құқық бұзған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Ол қазіргі уақытта Ақтау қаласының арнайы қабылдағышында отыр.