Ақтауда басына алтыншы қабаттан диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды

27.08.2023, 10:55
490
Ақтауда басына алтыншы қабаттан диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды

Биылғы жылдың қаңтарында алтыншы қабаттан жиһаздың құлауынан сал ауруына шалдыққан 39 жастағы ер адам қайтыс болды.

Оның өлімі туралы ағасы хабарлады, деп жазады smartnews.kz сайты.

Туысының айтуынша, ол ағасының қайтыс болғанын 26 тамызда дәрігерлерден білген.

«Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруға тура келді, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны терісінің ойылуына байланысты қабылдаған жоқ. Біз қайда бармадық», - деді ол.

Ағасы бұл оқиғаға кінәлі адамды «жасырып жүр» деп санайды.

Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болды. Қаладағы 11-ші шағынауданда №41 үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамға үйдің жоғарғы қабатынан жиһаз құлады. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Ер адамға ота жасау үшін қаңтар айының соңында Астанадан дәрігерлер келді.

Кейін олар ер адамның сал ауруына шалдыққанын хабарлады.

Зардап шеккен адамға ота жасалды.

Осы жылдың мамыр айында кінәлі әлі табылмағаны белгілі болды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды