812

Атырауда үш жыл бұрын ғана 4 млрд теңгеге жөнделген жағалау адам көргісіз күйде

Жайықтың оң жағалауы қайта жаңғыруды күтіп тұр. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Атырауда үш жыл бұрын ғана 4 млрд теңгеге жөнделген жағалау адам көргісіз күйде
azh.kz

2020 жылы NCOC компаниясының демеушілігімен 4 млрд теңгеге қайта жаңғыртудан өткен Жайықтың келбеті қазір адам көргісіз.

Бұл мәселе мердігер мекемелер, жоба авторлары мен техникалық қадағалаушылары, қала прокуроры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының орынбасары, облыстық сәулет және құрылыс басқылау басқармасы (ГАСК) басшылығы,  облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен өткен жиында көтерілді. 

Жақында қала әкімі Шәкір Кейкин өзінің Facebook-тегі парақшасында абаттандыру жұмыстарының кепілдік мерзімінің аяқталғанына қарамастан құрылыс жүргізген мердігер мекеме жағалаудағы орын алған ақауларды өз күшімен қалпына келтіретінін хабарлады. 

- Осы өзекті мәселе қайтадан талқыланып, ортақ шешімге келдік. Нәтижесінде құрылыс жүргізген мердігер мекеме (яғни, NCOC. – Авт.). жағалаудағы орын алған ақауларды қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын өз күшімен жүргізетін болды, - деді қала әкімі.