Алматыда курьер көшеде кетіп бара жатқан қыздың бөксесінен ұрып кеткен

27.08.2023, 20:46
2042
Алматыда курьер көшеде кетіп бара жатқан қыздың бөксесінен ұрып кеткен

Көшеде кетіп бара жатқан қызды мопед мінген курьер ұрып кеткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

НеМолчи қоғамдық қорының дерегінше, оқиға 24 тамыз күні Асанбай-Асқаров көшесінің қиылысында болған. Бейнекамераға түсіп қалған көріністе Glovo компаниясының курьері мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның бөксесін ұрып кеткені анық көрінеді.

- Бұл – қызға қолсұғушылық, қорлау. Әйелдердің қайсысы осындай төмен әрекетті бастан өткізбеді? Менің ойымша, әрбір әйелдің басына бар жайт осы. Түрту, итеру, бөксесінен салып қалу, тиісіп кетеді. Мүмкін, ойлау қабілеті төмен бұл адам өзін мачо сезінетін шығар. Ал қыз баласы не сезінді? Ашуланып, тітіркеніп, жек көріп, өзін лас сезінді. Біздің заңда осылай тиісетіндерге жауапкершілік қарастырылмаған, содан кейін де мұндай лас мінез-құлыққа жүген жоқ, - делінген қордың сипаттамасында.

НеМолчи қоғамдық қоры курьерді тауып, жауапкершілікке тарту үшін полиция департаментіне үндеу жасады.

Жағдайға қатысты Glovo компаниясы пікір білдірді. Олар курьердің кім екендігін анықтап жатқанын айтты.

Ал желі қолданушылары курьерге қатысты қарсылығын білдіріп, күндіз де қыздарға қауіпті болып бара жатқанын алға тартты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды