Шымкенттік тұрғын прокуратура ғимаратында өзін өртеп жібермек болды

28.08.2023, 18:57
671
Шымкенттік тұрғын прокуратура ғимаратында өзін өртеп жібермек болды Видеодан алынған кадр

Шымкенттегі прокуратура кеңсесіне келген ер адам өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға бүгін таңертең болды. Қала прокуратурасының фронт офисіне келген 15-ке жуық адам, Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтқан. Сондай-ақ, қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізуі кезінде ер адамның бірі үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.

Прокуратура қызметкерлері тез арада әрекет етіп, оны тоқтатты.

Ал бір әйел адам өзін нашар сезінгендіктен, жедел жәрдем бригадасы шақыртылып, медициналық көмек көрсетілді.

«Аталған дерек әл-Фараби АПБ-ның АЕК-на тіркеліп, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Текеру нәтижесіне қарай аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады», - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді