"323 адамның өмірін қиған": Иракта террорлық әрекет жасаған үш адам дарға асылды

29.08.2023, 10:41
639
"323 адамның өмірін қиған": Иракта террорлық әрекет жасаған үш адам дарға асылды stan.kz

Ирак 2016 жылы Бағдадта 323 адамның өмірін қиып, жүздеген адамды жаралаған көлік жарылысына қатысы бар деп сотталған үш адамды дарға асты. Бұл туралы smartnews.kz BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа басып кіруінен кейінгі екінші жойқын жарылыс болды. Шабуылды "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы жасағаны белгілі болды. 

"Премьер-министр Мұхаммед Шиа әл-Суданидің кеңсесі өлім жазасына кесілгендердің аты-жөні мен оларға қашан үкім шығарылғанын айтпады. Өлім жазалары жексенбі және дүйсенбі күндері орындалды", делінген хабарламада.

Ирак үкіметінің хабарлауынша, өлім жазасына кесілгендердің арасында ИМ шабуылының ұйымдастырушысы Газван әл-Заубай да бар. Заубай тұтқынға алынып, 2021 жылы Иракқа оралған едіі.

"Премьер-министр қаза болғандардың отбасыларына "террорлық жарылыс жасауға кінәлі деп танылған үш негізгі қылмыскерге" қатысты "заңды өлім жазасы" қолданылғанын хабарлады", - деді оның кеңсесі.

2016 жылдың 3 шілдесінде Ирак астанасындағы шииттер тұратын Каррад қаласындағы сауда үйінің жанында бомба орнатылған көлік жарылған. Исламның қасиетті Рамазан айында ауызашардан соң халық кешті тамашалады. Жарылыстан кейін ғимаратты шарпыған өртте құрбандардың көпшілігі қаза тапты.

Ал Ішкі істер министрі Мохаммед Габбан отставкаға кетті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды