700

Каспий теңізіне экскаватор арқылы серфингпен айналысқан азамат айыпталады

Желіде Каспий теңізінде экскаватормен кірген жүргізушінің видеосы тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты Mangystau Media басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Каспий теңізіне экскаватор арқылы серфингпен айналысқан азамат айыпталады
mangystaumedia.kz

Экскаватордың көмегі арқылы серфингпен айналысқан азаматтың жеке басы анықталды.

- Мұндайды тек Ақтауда ғана көруге болады. Теңізің ортасында экскаватор. Не деген трюк орындау,- дейді видео авторы. 

Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

- Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды, – делінген полиция хабарламасында. 

Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.