926

Рулі оң жақтағы жеңіл көліктерді елге кіргізуге тыйым салынбақ

Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады. Бұл туралы smartnews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Рулі оң жақтағы жеңіл көліктерді елге кіргізуге тыйым салынбақ
ашық дереккөзден

Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында айтылған.

"Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.

Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауында болады.