653

Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Маңғыстауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
ашық дереккөзден

«ВАЗ-21006» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде негізгі жолмен жүріп келе жатқан «Hyundai H350» көлігіне, яғни жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.

«ВАЗ-21006» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен сол көліктің 22 жастағы жолаушысы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Қазір дәрігерлердің бақылауында. ВАЗ-21006 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.