Maqsut Narikbayev университетінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды

30.08.2023, 13:51
696
Maqsut Narikbayev университетінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды

Елімізде Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University қабырғасында конституциялық құқық ғылыми мектебінің негізінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды.

Жаңа құрылған институттың негізгі мақсаты - университеттің жетекші конституционалист ғалымдарымен іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат, әрі осымен байланысты салалар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қолданысқа енгізу болып отыр.

- Аталмыш институт еліміздегі конституциялық реформаны жүзеге асыру және дамыту мақсатында ашылуда, - дейді институт директоры Индира Оралқызы.

Сондай-ақ институт қызметінің негізгі бағыттарына мыналар кіреді:
– конституциялық институттар, адам құқықтары, мемлекеттік саясат, басқару және онымен байланысты салалар бойынша зерттеулер жүргізу;
– конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ұлттық және халықаралық гранттық ғылыми жобалар конкурстарына қатысу;
– университет студенттері, магистранттары және докторанттарымен ғылыми-зерттеу жұмысының әртүрлі нысандарын ұйымдастыру, студенттердің арасында университет ішіндегі, ЖООаралық конкурстар, халықаралық конференциялар, training sessions және workshops өткізу;
– Public Policy / Public Administration бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқыту курстарын өткізуге қатысу;
– ұлттық және халықаралық ұйымдар және мамандармен, соның ішінде басқа мекемелерде құрылған мамандандырылған институттар және орталықтармен ынтымақтастық.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды