781

Көкшетаулық қыздың атына 2 млн теңгеден астам микрокредит алған күдікті ұсталды

Ақмолалық қыздың атына микрокредиттік ұйымдар арқылы бірнеше несие рәсімдеген күдікті құрықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Көкшетаулық қыздың атына 2 млн теңгеден астам микрокредит алған күдікті ұсталды
ашық дереккөзден

ІІМ дерегінше, 11 тамызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі туралы өтініш келіп түскен. Қыз бала белгісіз тұлғаның оның атына түрлі микрокредиттік ұйымдарда жалпы сомасы 2 млн 244 мың 630 теңгеге онлайн несие ресімдегенін хабарлаған.

Жәбірленуші өз сөзінде оған несие бойынша берешекті төлеу қажеттілігі туралы қоңыраулар түсе бастағанын түсіндірген.

- Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті тұлғаны ұстады. Қазіргі уақытта оның аталған фактіге қатысы тексеріліп жатыр. Сонымен қоса, өзге де тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Тексеру барысында күдікті адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұзақ уақыт бойы қыздың жеке телефонын өз еркімен қолдана алатыны белгілі болған. Полиция басқармасы аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.