Қазақстандықтар өз-өзіне кредит алуға тыйым сала алады

31.08.2023, 19:40
631
Қазақстандықтар өз-өзіне кредит алуға тыйым сала алады canva.com

Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартатындығы жөнінде өтініш қалдыра алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Енді eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту жөнінде өтініш бере аласыздар. Яғни, бүгіннен бастап әрбір қазақстандық өз еркімен несие мен микроқарыз рәсімдеуге тыйым сала алады. Қызметке азаматтың тек өзінің өтініш беруге мүмкіндігі бар. Несие мен микроқарызды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады, ол үшін банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет, - деп жазды министр.

Б.Мусиннің айтуынша, бұл функция адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни қазақстандықтар кредитті заңсыз ресімдейтін алаяқтардан қорғалады.

Қазір дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның сайтында бар. Бірақ ол ақылы. Ал Электронды үкімет порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш тегін қабылданады.

Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильдік қосымшасының басты бетінде, «Танымал қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Осыған ұқсас қызмет eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінде орналастырылған.

Сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, Бірінші кредиттік бюроның және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында іске асырылған.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті