Павлодарда хирург сүндеттеу кезінде баланың жыныс мүшесін кесіп алған

01.09.2023, 09:07
2982
Павлодарда хирург сүндеттеу кезінде баланың жыныс мүшесін кесіп алған elana.kz

Павлодарда 5 жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды. Қазір ол Астанадағы Ана мен бала орталығына жеткізілді, хирург операциялардан шеттетілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Баланың анасының айтуынша, олар баланы 23 тамызда облыстық ауруханаға әкелген. Қалыпты саналатын процедура жоспар бойынша өтпеген: дәрігер баланың жыныс мүшесінің үштен бір бөлігін кесіп алып тастаған, зәр шығару каналы зақымдалған.

Ата-ана жағдай туралы әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, бөлім меңгерушісі дәрігердің қателігін мойындаған.

Ал Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайына қатысты әзірге түсінік бере алмайтынын мәлім етті. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталған. Ал 5 жасар баланы тәжірибелі дәрігер сүндеттегені белгілі болды.

«ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Павлодар облыстық департаментіне осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеру бастау үшін хат жолданды. Осы отаны жасаған маманның 13 жылдық қызмет өтілі бар, сондай-ақ «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік деңгейі бар. Қазіргі уақытта дәрігер операция жасаудан шеттетілді», - деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазіргі уақытта бала Астанадағы Ана мен бала орталығының урология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады