Астанада әскери қызметкер суицид жасамақ болған жасөспірімді құтқарып қалды

02.09.2023, 15:34
588
Астанада әскери қызметкер суицид жасамақ болған жасөспірімді құтқарып қалды vao-mos.info

83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов тұрғын үйдің 15 қабатынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тамыздың жиырмасында қаһарман әскери қызметкер Астана қаласының оңтүстік-шығыс шағын ауданында туыстарына келген еді.

«Күтпеген жерден жиені көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп мен кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым», – деді Ерік Ысқақов. 

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақовтың өзі төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.

Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды. Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанғанын жасырмады.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған