1089

Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды

Алматы қаласында қол күресінен 44-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды
gov.kz

Қол күресінен 44-ші әлем чемпионатының кезекті күнінде отандастарымыз ересектер арасында сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, додаға 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Ел намысын 256 атлет қорғауда. Байрақты бәсеке ертең аяқталады.

Назарларыңызға бүгінгі күннің нәтижесін ұсынамыз (сол қол):

Алтын:

Ерлер
Ердәулет Нұрмахан (55 кг)
Мейрамбек Ерсаин (60 кг)
Ердәулет Сарыбай (65 кг)
Әлижае Мұратов (+110 кг)

Әйелдер
Назира Зиядулла (50 кг)
Оксана Письменная (65 кг)
Деши Дурсаева (80 кг)
Антонина Лисянская (+90 кг)

Күміс:

Ерлер
Ораз Басаров (55 кг)
Бекжан Қожантай (60 кг)
Тұрарбек Тұрғанбек (65 кг)
Михаил Нифонтов (80 кг)
Талғат Ақтаев (85 кг)
Ғалымжан Қарсыбаев (90 кг)
Айтбек Бекет (110 кг)
Борис Гапченко (+110 кг)

Әйелдер
Жанна Қазтуғанова (55 кг)
Евгения Гунько (70 кг)
Раушан Джаналиева (90 кг)
Садықжан Малена (+90 кг)

Қола:

Данил Устинов (70 кг)
Азамат Рахмет (75 кг)
Нұрдәулет Айдархан (80 кг)