645

Атырау қаласында құны 67 млн теңге заңсыз темекі өнімдері анықталды

Заңсыз темекілер тәркіленді. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Атырау қаласында құны 67 млн теңге заңсыз темекі өнімдері анықталды
ашық дереккөзден

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықтаған. 

Кәсіпорын өз қызметін темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа берілетін болады.