Атырауда оқырманын көбейткісі келген жігіт жалған видео түсіріп таратқан
Атырауда жаяу жүргіншілер жолына кеспе тас төсеп жатқан жұмысшылардың бірі өзіне жалақы төлемеген компанияға қарсы шығып, жолдың бірнеше жиектесын сындырған. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Қала әкімшілігінің ресми баспасөз хабарлауынша, жалған видео таратқан ер адам Атырау қаласының тұрғыны, бірақ ол жол төсеп жатқан компанияның жұмысшысы емес.
Жігіт қарапайым жұмысшы ретінде әдейі киінген-мыс. Бейнежазбада ол жалақының жоқтығына шынайы наразылығын білдіріп, жолдың жиектастарын бұзған.
Әкімдіктің хабарлауынша, видеоны жариялау арқылы ол өз аккаунтына жазылушыларды тартуға үміттенген. Ол заңсыз әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сәл кейінірек оның кешірім сұрап, мұны әлеуметтік желідегі хайп үшін түсіргенін мойындаған видео жарияланды.