572

Қытайда биылдыққа тоғызыншы тайфун тұрып, мыңдаған адам эвакуацияланды

Қытайдың шығысындағы Гуандун провинциясының Чжухай қаласы ауданында «Саола» тайфуны құрлыққа шықты. Бұл – елде биылдыққа көтерілген тоғызыншы тайфун, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда биылдыққа тоғызыншы тайфун тұрып, мыңдаған адам эвакуацияланды
inform.kz

Метеорологтер мәліметі бойынша, Чжухай қаласының Цзиньвань ауданы тұсында соққан желдің максималды жылдамдығы эпиорталық маңында 42-46 м/с жеткен. «Саола» жағалау бойымен оңтүстік-батыс бағытта, сағатына 15-20 км жылдамдыпен жылжиды және біртіндеп бәсеңдейді деп болжанып отыр.

Гуандун провинциясының 780 мыңға жуық тұрғыны қауіпті аудандардан эвакуацияланған, 80 мыңнан астам балық аулау кемелері жағаға оралған. Сондай-ақ, 13 қаланың бастауыш пен орта мектептерінде оқу жылын бастау күні кейінге қалдырылды, балалар бақшаларының да жұмысы тоқтап тұр.